158 бұйрық 11 қосымша/158 приказ 11 приложение » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
наурыз
2024

158 бұйрық 11 қосымша/158 приказ 11 приложение

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сəуірдегі № 158 бұйрығына 11-қосымша «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру тəртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкіме» мемлекеттік корпорациясы (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау жəне көрсетілетін қызметті алушыға олардың нəтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) жеке сəйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кəсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кəсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нəтижесін, сондай-ақ өзге де мəліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі; 4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа жəне электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан əрі - портал); 5) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан əрі - ЭЦҚ). 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі 3. «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан əрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, аудандардың жəне облыстық маңызы бар қалалардың 2 жергілікті атқарушы органдарына, білім беру ұйымыдарына (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті беруші), Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш береді. 4. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың жəне (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады жəне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 6. Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жеткізуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мəртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. 8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сəттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. 9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туу туралы куəлігін, некеге тұруды куəландыратын құжаттар туралы мəліметтерді («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мəліметтер болмаған жағдайда) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жəне көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші жəне Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісім алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын жəне (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады. 10. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама (жолдама) (бұдан əрі - жолдама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауапты дайындайды. 11. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. 12. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куəлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нəтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан əрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. 3 13. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі жəне жолдама алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес беріледі. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сəйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. 15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нəтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінеді. 4 «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органның басшысына ____________________________ ____________________________ өтініш берушінің Т.А.Ə. (бар болғанда) жəне жеке сəйкестендіру нөмірі, мына мекенжайы бойынша тұратын: ____________________________ (елді мекен атауы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны) Өтініш Менің кəмелет жасқа толмаған (Т.А.Ə. (бар болғанда) туған күні жəне жеке сəйкестендіру нөмірі) (мектеп № жəне сынып литерін көрсету) оқитын баламды _______________________________________________(оқу жылын көрсету) қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тəрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын. Ақпараттық жүйелерде сипатталған «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мəліметтерді қолдануға келісемін. "___" _____________20__ жыл қолы 5 «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тəрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жəне жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, білім беру ұйымдары 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тəсілдері Өтінішті қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан əрі - Мемлекеттік корпорация); 3) білім беру ұйымдары; 4) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан əрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сəттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні. 2) көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут. 4 Көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне (немесе) қағаз жүзінде 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі Қала сыртындағы жəне мектеп жанындағы лагер
v2000020478.16-02-2024.rus.docx

Похожие публикации: