№ 564 бұйрығына қосымша Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 564 бұйрығына қосымша Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
05
наурыз
2024

№ 564 бұйрығына қосымша Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына қосымша Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары 1. Осы Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына жəне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сəйкес əзірленген, меншік нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан əрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тəртібін, сондай-ақ «Меншік нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау жəне оқуға қабылдау» жəне «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тəртібін айқындайды. 2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде əзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сəйкес жүзеге асырады. 3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. 4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі жəне даму дəрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. 5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сəйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды. 6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалықмедициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып жəне қабылдау шарттарына сəйкес білім беру ұйымдарын таңдайды. 8. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының атаанасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді. 2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тəртібі 9. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы жəне күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. 9-1. Құжаттарды қабылдау жəне мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижелерін беру екі тəсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан əрі – 2 портал) жəне бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның сəйкес құжаттар тізбесін ұсынады. 9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сəуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі. 9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дəлелді бас тарту) жіберіледі. 9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дəлелді бас тарту келеді. 9-5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді. 9-6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді жəне бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дəлелді бас тарту туралы қолхат береді. Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады. 10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сəйкес портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. 10-1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшадағы мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген құжаттар тізбесін портал немесе қағаз жеткізгіш арқылы тапсырады. 10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімнің қабылданғаны туралы мəртебе жіберіледі. 3 Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын жəне көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарламаны немесе дəлелді бас тартуды алады. 10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті құжаттардың қабылданғаны жəне қабылданғаны туралы қолхат немесе дəлелді бас тарту береді. 10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім беру ұйымынан шығатын оқушы басқа білім беру ұйымына келгені туралы тегі, аты, əкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектептің мекенжайы көрсетілген талон береді, осыдан кейін оған тегі, аты, əкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мектебінің мекенжайы жəне оның жеке ісі көрсетілген шығуы туралы есептен шығару талоны беріледі. 10-5. Кету туралы есептен шығару талоны білім беру ұйымына білім алушының келуі жəне жеке ісін тапсыру үшін беріледі. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымдары басшыларының қабылдау/шығару туралы бұйрықтарымен жүргізіледі. 10-6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жəне (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, ұсынылған құжаттарының дұрыс еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. 10-7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сəйкес тəртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мəліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді. 11. Білім алушыларды бастауыш жəне негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады. 12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жəне білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің жəне негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады. 13. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сəйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың атааналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші жəне негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады. 14. Гимназиялар жəне лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады. 15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі (бұдан əрі-конкурс). Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады. 16. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге үміткерлердің ата-аналарынан/заңды өкілдерінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сəуірге дейін жүргізіледі. 4 17. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады. 18. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады: 1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш; 2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куəлігінің көшірмесі; 3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы; 4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті; 5) бар болса Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан əрі-«Дарын» орталығы), облыстық, НұрСұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі. 19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады. 20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сəуірге дейін əрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын «Дарын» орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады. 21. «Дарын» орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады. 22. «Дарын» орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру жəне өткізу үшін конкурстық комиссия құрады. 23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Білім жəне ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, «Дарын» орталығының оқу-əдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді. 24. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс. 25. Мамандандырылған білім беру ұйымы «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді. 26. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды «Дарын» орталығының оқу-əдістемелік кеңесі əзірлейді жəне бекітеді. 27. Конкурс «Дарын» орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сəйкес 15 – 30 сəуір аралығында өтеді. 28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының жəне «Дарын» орталығының интернет-ресурстарында 5 сəуірден бастап 15 сəуірге дейін орналастырылады. 29. Конкурс офф-лайн (тестілеу) режимінде өтеді. 30. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын «Дарын» орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді. 31. Конкурс əрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша «Дарын» орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс жəне қорытынды шығару əрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі. 32. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға жəне конкурстық іріктеу алаңына енгізу 5 үшін қолданылатын бейнебақылау жəне дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады. 33. 7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пəндер бойынша 75 сұрақтан тұрады: - математика жəне логика - 55 сұрақ; - оқу сауаттылығы - 10 сұрақ; - Қазақстан тарихы - 10 сұрақ. 6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пəндер бойынша 60 сұрақтан тұрады: - математика жəне логика - 35 сұрақ; - оқу сауаттылығы - 15 сұрақ; - Қазақстан тарихы - 10 сұрақ. 5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пəндер бойынша 40 сұрақтан тұрады: - математика жəне логика - 30 сұрақ; - оқу сауаттылығы - 10 сұрақ. 34. Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта - 120 минут, 6 сыныпта - 90 минут, 5 сыныпта- 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді). 35. Тестілеудің қорытынды нəтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап «-1» коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл). 36. Нəтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нəтижелерді алу «Дарын» орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды. 37. Конкурстық іріктеу нəтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. 38. «Дарын» орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады. 39. «Білім-инновация лицейді» қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. «Білім-инновация» лицейіне конкурстық іріктеу жəне қабылдау «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тəртіппен жүргізіледі. 40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау əрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сəйкес баллдардың ең көп санынан басталады. 41. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді жəне «Дарын» орталығының жəне мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады. 42. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады. 43. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тəртібімен қалыптастырады жəне мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады. 44. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. 45. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығмен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 15681 болып тіркелген) Білім беру нысандарына 6 қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сəйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды. 46. Əскери іс, спорттың жəне өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары, мектеп Жарғысына сəйкес, функционалды кəсіби, психологиялық жəне физиологиялық мəліметтерді ескере отырып, талапкерлердің екінші турын өткізеді. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мəселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі 47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға берілуі мүмкін. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сəйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 48. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 7 Бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің ж