Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұй » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұй
10
қаңтар
2023

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұй

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан əрі – Қағида) 1. Жалпы ережелер 1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан əрі – Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сəуірдегі заңының (бұдан əрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне оны қалыпастыру тəртібін анықтайды. 2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нəтижесін, сондай-ақ өзге де мəліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі. 3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тəртібі 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан əрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес құжаттар топтамасын ұсынады. Құжаттар топтамасын көрсетілген қызметті беруші кеңсесі арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (еркін нысанда) береді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін жəне (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан əрі қараудан дəлелді бас тартуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жібереді. 5. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде www.egov.kz көрсетілетін қызметті алушы «Білім беру» бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды жəне құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады жəне көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны жолдайды немесе электрондық құжат нысанында осы 2 Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес өтінішті одан əрі қараудан дəлелді бас тартуды дайындап порталдағы «жеке кабинетіне» жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оқыту сыныбын, тілін анықтау үшін қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді. 7. Көрсетілетін қызметті беруші үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырады. 8. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сəйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. 3. Республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің жəне (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі 9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға берілуі мүмкін. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25- бабының 2-тармағына сəйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 3 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тəсілдері (қолжеткізуарналары) - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары; - «электронды үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz; 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 ( он бес) минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 ( он бес) минуттан аспайды. 4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) Қағаз түрінде 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі: 1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда); 2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық жəне (немесе) қағаз түрінде ұсынылады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі