Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы/Прием и зачисление » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы/Прием и зачисление
12
қараша
2020

Оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы/Прием и зачисление

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22933 болып тіркелді
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553) болып тіркелген мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.";
     6-тармақ алынып тасталсын;
     910-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
      Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі.
      10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы жүзеге асырылады.";
     10-210-310-410-5 және 10-6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауысуы туралы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс), мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту кезінде - бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама келеді.
      10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
      10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.
      10-5. Оқуға келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алу үшін ұсынылады.
      Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алуға кететін орта білім беру ұйымына беріледі.
      Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.
      10-6. Сынып жиынтығы шамадын тыс толуы және осы Қағидаларда белгіленген өтінім беру мерзімдері сақталмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.";
     12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
      Өтініштер күнтізбелік жылдың 15 тамызға дейін қабылданады.";
     43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.";
     1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
     2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-7-тармақпен толықтырылсын:
      "9-7. Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау үшін білім беру ұйымдары мерзімдері, нысандары мен тапсырмалары күнтізбелік жылғы 15 маусымға дейін дербес белгілейтін емтихандар өткізеді.".
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министріА. Аймагамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Цифрлық даму, инновациялар және
      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      ____________________
      "____" ______________ 2021 жыл


 Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 275 бұйрығына
1-қосымша
 Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
1-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты

Жүктеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауыБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміКөрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқудың күндізгі және кешкі нысанына қабылдау үшін – күнтізбелік жылдың 20 тамыздан кешіктірмей.
1 сынып үшін күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін, 10 сынып үшін күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаныЭлектронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелеріПортал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама алады, құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде - бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
- көрсетілетін қызметті берушіге:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде (қағаз жүзінде) - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылдағаны және оқуға қабылданғаны, құжаттардың толық емес пакетін тапсыру кезінде - бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама беріледі.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін

7

Жұмыс кестесі1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі- порталға:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
- көрсетілетін қызметті берушіге:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысан;
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда № 065/у и 026/у-3 нысандағы медициналық анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушылар осы аумақта шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданысын тоқтатуға қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптарыҚұжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут.
Қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 15 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы (1414), 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.


 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
қосымша
 Нысан
 _______________________
білім беру ұйымының атауы
_______________________
директордың ТАӘ
(болған жағдайда)
кімнен __________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
ТАӘ (болған жағдайда)
Телефоны: _________________

Өтініш

      Менің балам _________________________________________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
      _____________________________________________________
      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
      _____________________________________________________
      тіркелген мекенжайы бойынша
      _____________________________________________________
      (білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      _______________ "___" ________ 20__ жыл
      (қолы)


 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлінінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 275 бұйрығына
2-қосымша
 Бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 2-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Жүктеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауыБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміҚызмет көрсету мерзімі – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаныЭлектронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіКөрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.
Оқуға келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алу үшін ұсынылады.
Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алуға кететін орта білім беру ұйымына беріледі.
Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін

7

Жұмыс уақыты1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- портал арқылы:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде)
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
2) құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талонында баланың толық аты-жөні, сыныбы, оқыту тілі, мектебі, білім беру ұйымының телефондары мен электронды мекен-жайы (ресми интернет-ресурсы) (Қазақстан Республикасынан кетуін растайтын құжат ұсынатын, Қазақстан Республикасынан кетіп жатқан білім алушыларды қоспағанда) көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерсынып-жинақталымының шамадан тыс толуы
Өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмейді

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
2) қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 30 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.


 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру бағдарламалары
бойынша ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымына құжаттарды
қабылдау" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
 Нысан
 ______________________
білім беру ұйымының атауы
_______________________
директордың ТАӘ
(болған жағдайда)
кімнен ___________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
ТАӘ (болған жағдайда)
Телефоны: _________________

Өтініш

      Менің _____________________________________________
      (білім беру ұйымының толық атауы)
      __________________________ сыныпта білім алатын балам
      ______________________________________________
      (Т. А. Ә. (болған жағдайда)
      ___________________________________________________
      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
      _____________________________________
      тіркелген мекенжайы бойынша
      ___________________________________________________
      (білім беру ұйымының толық атауы) ауыстыруды сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      ______________ "___" ________ 20__ жыл
      (қолы)



















Похожие публикации: