2020 жылғы 24 сəуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша /Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 158. » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020 жылғы 24 сəуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша /Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 158.
05
ақпан
2024

2020 жылғы 24 сəуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша /Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 158.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сəуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тəртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке сəйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кəсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кəсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр; 2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нəтижесін, сондай-ақ өзге де мəліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа жəне электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан əрі - портал); 4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан əрі - ЭЦҚ). 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі 3. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан əрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, аудандардың жəне облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан əрі - көрсетілетін қызметті беруші), білім беру ұйымындарына немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтініш береді. 4. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мəртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. 5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сəттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. 6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын, баланың туылғанын, некеге тұруды немесе бұзуды куəландыратын құжаттар туралы («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мəліметтер 2 болмаған жағдайда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы, көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығы туралы мəліметтерді, қорғаншылық жəне қамқоршылық туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын жəне (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады. 7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сəйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтаманы (бұдан əрі-анықтама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауапты дайындайды. 8. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды. 9. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі жəне анықтаманы алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 5 (бес) жұмыс күнін құрайды 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес беріледі. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сəйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нəтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінеді. 3 Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органның басшысына ____________________________ ___________________________ ____________________________ өтініш берушінің Т.А.Ə. (бар болғанда) жəне жеке сəйкестендіру нөмірі, мына мекенжайы бойынша тұратын: ____________________________ (елді мекен атауы, тұрғылықты мекенжайы, телефоны) Өтініш Менің кəмелет жасқа толмаған_______________________________________ (Т.А.Ə. (бар болғанда) туған күні жəне жеке сəйкестендіру нөмері) (мектеп № жəне сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тəрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын. «___» _____________20__ жыл азаматтың (азаматшаның) қолы 4 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Нұр-Сұлтан, Алматы жəне Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тəсілдері Өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) білім беру ұйымдары; 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан əрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сəттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 5 (бес) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. 4 Көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне (немесе) қағаз жүзінде 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі Жалпы білім беретін мектепте тегін жəне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі жəне сақталады. 6 Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету Тегін 5 тəртібі жəне оны алу тəсілдері 7 Жұмыс кестесі
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478