Хаттама 1 Қамқоршылық кеңестің отырысы "№32 жалпы білім беретін мектеп"КММ Алматы қаласы білім басқармасы » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хаттама 1 Қамқоршылық кеңестің отырысы "№32 жалпы білім беретін мектеп"КММ Алматы қаласы білім басқармасы
29
тамыз
2022

Хаттама 1 Қамқоршылық кеңестің отырысы "№32 жалпы білім беретін мектеп"КММ Алматы қаласы білім басқармасы

Хаттама 1

Қамқоршылық кеңестің отырысы "№32 жалпы білім беретін мектеп"КММ

Алматы қаласы білім басқармасы

 

 29.08.2022 ж.

Төраға:  Грачев Михайл Владимирович

Хатшы: Кудобаева Меруерт Думанқызы

Қатысты:

ҚК мүшелері: Иманқұлова Назым Бақтыбекқызы, Осипова Екатерина Николаевна, Амреева Шолпан Аскаровна, Кадырова Манар, Давлетканова Эльмира, Қобландиева  Гүлмира

Абдразаховна, Тульбаева Кенжегул Сейткуловна, Бейсенова Гүлмайра, Горохводацкий Максим, Сыдырманов Берік Ертайұлы

№32 ЖББМ Директордың м.а  : Оралбаева Е.К.

 

                  Күн тәртібі:

1.2022-2023 оқу жылына мектептің дайындығы.

2.«Мектепке жол» республикалық акциясының барысы туралы ақпарат. Акция барысында көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есебі.

  1. Қамқоршылар кеңесінің құқықтық-нормативтік базасы. Қамқоршылар кеңесі туралы ережемен, мектеп Жарғысымен танысу. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту.
  2. Әр түрлі мәселелер

1.Тындалды: 2022-2023 оқу жылына мектептің дайындығы

Мектептегі жөндеу жұмыстары туралы шаруа ісі жөніндегі директордын орынбасары Ибраева А.Т  баяндады. Әдетте жазда болатын, оқу орыны жоспарлы жөндеуді өткізілді.1,2,3 қабаттар сырланды.,стендтер жаңартылды.

Қаулы етті: Мектеп жаңа оқу жылына дайын.

  1. Тындалды :«Мектепке жол» республикалық акциясының барысы туралы ақпарат. Акция барысында көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есеп.ДТІЖО –Сатыбаева Н.К.

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы  балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2022 жылдың 30 қыркүйегінде. "Жалпыға міндетті білім беру" қорының аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және т.б. материалдық көмек алды.

Қаулы етті: "Мектепке жол" республикалық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету.

Тындалды: Қамқоршылар кеңесінің құқықтық-нормативтік базасы. Қамқоршылар кеңесі туралы ережемен, мектеп Жарғысымен таныстыру. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту-№32 ЖББМ Директордың м.а  : Оралбаева Е.К.

Оралбаева Е.К. Қамқоршылар кеңесі туралы ережемен, мектеп Жарғысымен таныстырды

және биылғы жылғы мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекітуін ұсынды.   ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен  байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.

1.2 Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.

1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ

2.1 Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:
- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
3. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

5.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.

5.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ

6.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңестің төрағасы мен хатшының қолы қойылған  хаттама жүргізіледі.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
- демократиялық;
- алқалық;
- ынтымақтастық ұзақтығы;
- жұмысының жариялылығы пен ашықтығы.

 

Қаулы етті: Қамқоршылық кеңестің құрамы бекітілсін.

 

Төраға:  Грачев Михайл Владимирович

Хатшы: Кудобаева Меруерт Думанқызы