"Мектепке жол" акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
тамыз
2016

"Мектепке жол" акциясы

№ 32 жалпы білім беретін мектепте
2016 жылығы 1 тамыздан басталып 30 қыркүйекке дейін жалғасатын «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына қатысу туралы
Е С Е П

№32 жалпы білім беретін мектепте «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру мақсатында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырды.
1. Мектеп ұжымы «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы жайлы құлағдар етіліп, ата-аналардың да акцияға ат салысуларына мүмкіндіктері барлығы жайлы ескертілді.
2. Тұрмыс жағдайы төмен оқушылар мен көп балалы отбасыларға мұғалімдер тарапынан оқушы құрал жабдықтары, киім –кешекпен демеушілік көмек көрсету ұйымдастырылды.
3.Сынып жетекшілермен ата-аналардың қатысуымен «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, көмек көрсетуге демеушілер тарту жұмыстары жүргізілді.
4. Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері мектепке бөлінген ықшам ауданға рейд жүргізді.
13-ші әскери ықшам ауданындағы үйлерінің арасын аралау.
13-ші, 16-шы ықшам ауданындағы компьютер клубтарын тексеру.
Әуежай, темір жол вокзалын аралау.
Нәтижесінде мұғалімдер:
6 «Ғ» сынып оқушысы Мұхтар Олжас Бауыржанұлына мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
«Мектепке жол» акциясы барысында көп балалы отбасы Карабалиевтерге мектеп мұғалімдері қамқорлық көрсетіп, ақшалай және киім – кешекпен, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті.
Алайда көмек көрсеткен ата–аналар өздерін фотоға түсіріп, елдің назарына ілігуге қарсы екендіктерін білдірді.


«№ 32 жалпы білім беретін мектеп»
КММ директоры Хасенова А.Р.