«Мектебіме мың алғыс!»/ Спасибо моей школе » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қаңтар
2021

«Мектебіме мың алғыс!»/ Спасибо моей школе

             №32 ЖББМ 11 сынып оқушысы Бакеев Медет өз мектебіне және ұстаздарға өзінің шексіз алғысын журналға жариялады.

   Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады Медет мектебіміздің мақтанашы.Ғылыми жоба байқауында 2 орынды 2 мәрте жеңіп алған, «Қадірлесең қолөнер қымбат асыл қазынаң» атты қалалық байқауында І орынды иеленді.Футболдан спорт шеберлігінің үміткері.Медетке ҰБТ дан жоғары балл алуына тілектеспіз.

Бакеев Медет, учащийся 11 класса СОШ № 32, опубликовал в журнале свою  благодарность школе и учителям.  Сколько бы лет ни прожил человек, чем бы он ни занимался, самым неотразимым моментом в жизни, наверное, останется время, проведенное в школе. Школа-большой корабль в образовательном пространстве . Одиннадцать лет на этом корабле проводит каждый ребенок. Мы уже одиннадцать лет учимся, становимся горными. Как было трудно сначала прийти в школу и выучить каждую букву, каждую цифру? Со временем все изменилось. Маленькие дети, которые не умеют ни писать, ни читать, сегодня здесь, держа в руках аттестат об окончании школы, получили путевку в большую жизнь. Было много случаев, когда я думал:» только когда я закончу эту школу". Я сама не могу поверить, что сейчас закончила ту же школу. В мгновение ока время пролетело быстро и ушло. Последний звонок действительно прозвучал для нас в последний раз в этом году. Я так спешно прощаюсь со школой, которую хочу закончить.