«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының отырысы/Заседание добровольного школьного клуба " Адал ұрпақ» » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының отырысы/Заседание добровольного школьного клуба " Адал ұрпақ»
26
қыркүйек
2019

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының отырысы/Заседание добровольного школьного клуба " Адал ұрпақ»

 «Адалұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес,26.09.2019 ж№3ЖББМ-де жасөспірімдердің арасында жиі-жиі жол берілетін әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ол әрекеттер үшін қандай жауапкершілікке тартылатынын  кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді.

Клуб құрамына 8-11 сынып оқушылары енген. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары жасалған. Бүгін құрылған «Адал ұрпақ» клубының жұмысы сол жоспармен астасып, оны байыта түседі. Клуб мүшелері адалдықтың, тәртіптің үлгісі болып, жемқорлыққа қатысты мемлекеттік мәселелерді біліп жүретін болады. Өзгелер «Адал ұрпақ» клубынан өнеге алады. 
Жалпы, клубымыз оқушыларға құқықтық тәрбие беруге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біз осы клуб арқылы балаларды адамгершілікке, ар-ұятты, абыройды ойлауға, , біреудің ала жібін аттамауға, мемлекетті мүлікті бүлдірмеуге үйретеміз. 
Клубымыздың жұмысына сәттілік тілеп, оның алғашқы қадамын салтанатты түрде ашып бердік. Алғашқы болып тәрбие ісінің меңгерушісі  Бейщанова К.А.  8 «Ә» сыныбымен«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.