СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ./ ЧАС ЧЕСТНОСТИ НА ТЕМУ "НРАВСТВЕННЫЙ ПУТЬ САКЕНА» » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ./ ЧАС ЧЕСТНОСТИ НА ТЕМУ "НРАВСТВЕННЫЙ ПУТЬ САКЕНА»
21
желтоқсан
2020

СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ./ ЧАС ЧЕСТНОСТИ НА ТЕМУ "НРАВСТВЕННЫЙ ПУТЬ САКЕНА»
















«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ»

ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

 Бүгін «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.

Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.

Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жөн сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.

"ЧАС ЧЕСТНОСТИ НА ТЕМУ "НРАВСТВЕННЫЙ ПУТЬ САКЕНА»
Сегодня на тему» Нравственный путь Сакена " прошел традиционный онлайн-час верности духовно-нравственному наследию Сакена Сейфуллина, жизнь и творчество которого переплетены с принципами справедливости и честности.

Сакен Сейфуллин-государственный и политический деятель, поэт и писатель, один из основоположников современной казахской литературы. Он принадлежит к группе казахских деятелей, отдавших свою жизнь за возрождение и процветание казахского народа.


 

Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=-Ro7dcnm75U&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN