Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сағат
Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сағат өтті Бастауыш сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың, спортпен тұрақты айналысудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру. Сағат барысында балаларға пайдалы және зиянды тағамдар туралы мәлімет берілді. Көкөністер мен жемістердің, сүт өнімдерінің, таза судың адам денсаулығына тигізетін пайдасы түсіндірілді.