Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сағат өтті/Среди учащихся начальных классов прошёл час здоровья
12
қаңтар
2026

Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сағат өтті/Среди учащихся начальных классов прошёл час здоровья

Бастауыш сыныптар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сағат өтті

Бастауыш сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың, спортпен тұрақты айналысудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.

Сағат барысында балаларға пайдалы және зиянды тағамдар туралы мәлімет берілді. Көкөністер мен жемістердің, сүт өнімдерінің, таза судың адам денсаулығына тигізетін пайдасы түсіндірілді. Сонымен қатар, таңертеңгілік жаттығу жасау, таза ауада серуендеу және қимыл-қозғалыстың денсаулықты нығайтудағы рөлі айтылды.

Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Танымдық тапсырмалар мен әңгімелер балалардың қызығушылығын арттырды.

Қорытынды:
 Өткізілген денсаулық сағаты оқушылардың дұрыс тамақтану мен спортқа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Балалар денсаулықты сақтау үшін пайдалы әдеттердің маңызын түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталанды.

Среди учащихся начальных классов прошёл час здоровья

Среди учащихся начальных классов был проведён час здоровья на тему «Здоровье – главное богатство». Цель мероприятия — формирование у детей представлений о правильном питании, пользе занятий спортом и ведении здорового образа жизни.

В ходе мероприятия школьникам рассказали о полезных и вредных продуктах питания, о значении овощей и фруктов, молочных продуктов и воды для организма. Также особое внимание было уделено физической активности, утренней зарядке и пользе занятий спортом для укрепления здоровья.

Дети активно участвовали в беседе, отвечали на вопросы и делились своими знаниями. Мероприятие прошло в интересной и познавательной форме.

Заключение:
 Проведённый час здоровья способствовал повышению интереса учащихся к правильному питанию и физической активности. У детей сформировалось понимание важности заботы о своём здоровье и стремление вести здоровый образ жизни.