«Менің үй кітапханамның кітаптары» / "Книги из моей домашней библиотеки»
«Менің үй кітапханамның кітаптары»
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, үй кітапханасының маңызын көрсету, отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың сөйлеу, ой бөлісу дағдыларын дамыту мақсатында «Менің үй кітапханамның кітаптары» атты балаларға арналған кітаптардың тұсаукесері (презентация) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
• Оқушыларды кітапты қадірлеуге, жүйелі оқуға баулу;
• Үй кітапханасының бала тәрбиесіндегі рөлін көрсету;
• Балалардың оқыған кітабы туралы өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау;
• Ата-аналарды отбасылық кітап оқу дәстүріне тарту.
Тұсаукесер барысында әр оқушы өз үйіндегі кітапханадан балаларға арналған сүйікті кітаптарын таныстырды. Кітаптың атауы, авторы, мазмұны, кейіпкерлері және оқушыға несімен ұнағаны туралы қысқаша әңгіме жүргізілді.
Оқушылар кітап оқу барысында алған әсерлерімен бөлісіп, кітаптың адамға берер пайдасы, білім мен тәрбие берудегі маңызы жөнінде ойларын айтты. Кейбір оқушылар кітаптан үзінді оқып, өздерінің оқу дағдыларын көрсетті.
Іс-шара презентация түрінде өткізіліп, оқушылар кітап мұқабаларын, иллюстрацияларын көрсетіп, үй кітапханасындағы кітаптардың сан алуан екенін дәлелдеді. Бұл жұмыс балалардың қызығушылығын арттырып, бір-бірінен үлгі алуына мүмкіндік берді.
Қатысқан оқушылар:
• Сейілбек Нұрислам
• Ашырбек Томирис
• Думан Әли
• Айдарқызы Зере
• Қасымбек Меруерт
• Болатбек Эльзат
• Болатқан Әбілмансұр
• Нұрдәулет Алинұр
• Ерболат Алина
• Қайратқызы Данелия
• Ертөре Сафина
• Бекнұр Ильяс
Іс-шара барысында оқушылардың кітап оқуға деген ынтасы артты, өз ойларын жүйелі жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары қалыптасты. Ата-аналар тарапынан үй кітапханасын толықтыру, баламен бірге кітап оқу дәстүрін жалғастыру туралы қолдау білдірілді.
«Менің үй кітапханамның кітаптары» атты тұсаукесер оқушылардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасылық оқу мәдениетін нығайтуға оң ықпал етті. Мұндай іс-шараларды алдағы уақытта жүйелі түрде өткізу ұсынылады
"Книги из моей домашней библиотеки»
В целях повышения интереса детей к чтению, демонстрации значимости домашней библиотеки, формирования культуры семейного чтения и развития навыков речи, обмена мыслями учащихся была проведена презентация (презентация) книг для детей «Книги моей домашней библиотеки».
Цель мероприятия:
* Приобщение учащихся к чтению книг, систематическому чтению;
* Показать роль домашней библиотеки в воспитании детей;
* Создание условий для свободного изложения детьми своих мыслей о прочитанной книге;
* Вовлечение родителей в семейную традицию чтения книг.
В ходе презентации каждый ученик представил свои любимые книги для детей из библиотеки в своем доме. Была проведена краткая беседа о названии, авторе, содержании, героях книги и о том, что понравилось ученику.
Учащиеся поделились впечатлениями от чтения книги, рассказали о пользе книги для человека, ее значении в образовании и воспитании. Некоторые ученики читали отрывки из книги и демонстрировали свои навыки чтения.
Мероприятие прошло в форме презентации, учащиеся показали обложки книг, иллюстрации и доказали, что книги в домашней библиотеке разнообразны. Эта работа повысила интерес детей и позволила им последовать примеру друг друга.
Участвовавшие ученики:
* Сеилбек Нурислам
* Ашырбек Томирис
* Думан Али
* Айдаровна Зере
* Касымбек Меруерт
* Болатбек Эльзат
* Болаткан Абильмансур
* Нурдаулет Алинур
* Ерболат Алина
* Кайратовна Данелия
* Ерторе Сафина
* Бекнур Ильяс
В ходе мероприятия повысилась мотивация учащихся к чтению, сформировались навыки систематического изложения своих мыслей, публичных выступлений. Со стороны родителей была выражена поддержка по пополнению домашней библиотеки, продолжению традиции чтения книг с ребенком.
Презентация "Книги моей домашней библиотеки" способствовала повышению любви учащихся к чтению и укреплению культуры семейного чтения. Такие мероприятия рекомендуется проводить в дальнейшем систематически



