Тәуелсіздікке 30 жыл30-летие Независимости
Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың аңсар арманы болған, даналарымыздың үзілмес үміті болған, Алаш ардақтыларының осы жолда жаны пида болған қастерлі де қасиетті ұғым! Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Бұл мерекені қазақ халқы жүрегімен сезінуі