Тәуелсіздікке 30 жыл30-летие Независимости » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
желтоқсан
2021

Тәуелсіздікке 30 жыл30-летие Независимости

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың аңсар арманы болған, даналарымыздың үзілмес үміті болған, Алаш ардақтыларының осы жолда жаны пида болған қастерлі де қасиетті ұғым!
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Бұл мерекені қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.


16 декабря наша страна празднует 30-летие Независимости нашей Республики.