05
желтоқсан
2019
Тәуелсіздік күніне арналған челлендж/ Челендж на День Независимости
Бүгін 05.12.2019 жылы 8-10 сынып оқушылары Тәуелсіздік күнінеТүрксіб ауданының мектептері ұйымдастырған челлендж эстафетасын қабылдады. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Осы кезеңде Қазақстанды дүние жүзіндегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Көреген саясаткерлігінің, ерен еңбегінің нәтижесінде елімізді бүгінгі таңда барлық мемлекеттер таниды. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
