"Балалар кітапханасы" жобасы/Проект "Детская библиотека"
"Балалар кітапханасы" жобасы жас оқырмандарды қуантуды жалғастыруда! 28 қазан, күзгі демалыс күндері 4-5 сынып жетекшілері мен кітапханашы С. Ежетаева "Күзде қонаққа" атты әдеби сағат ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамытуға және балалардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталды. Бағдарламада күз туралы өлеңдер оқу, жұмбақтар сайысы, күзгі белгілерді білуге арналған викторина ұсынылды. Балалар барлық ұсынылған іс-шараларға белсенді қатысты. Кітапханашы С. Ежетаева былай