"Дина Нұрпейісованың күйлері" бейнероликтер сайысы/Конкурс
Дина Нұрпейісова (1861–1955) қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы. Күй атасы Құрманғазы дәстүрін берік ұстаған және сақтаған, Совет дәуіріне жеткізіп, бүгінгі ұрпаққа табыс еткен «домбыраның Жамбылы». Дина 1934 жылы Москвада болған халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық конкурсына қатысып, бірінші жүлдеге ие болған әйгілі орындаушы. Динаның «Той бастары», «Жеңісі», «Әсем қоңыры», «Сегізінші марты», «Сауыншысы» міне осындай мәңгі жасайтын музыкалық мұра болып танылмақшы.