"Толеранттылық-бейбітшілік пен достық" сынып сағаттары /Классные часы
Бүгін №32 ЖББМ КММ –де бірінші сабақтар 1-11 сыныптар арасында "толеранттылық-бейбітшілік пен достық" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты-халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту; басқа ұлттық мәдениеттерге деген толеранттылық, қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру. Бір-біріне, әртүрлі халықтардың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Қарым-қатынас пен өзара түсіністіктің коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеу.