БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №32»
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 290-28-55
Бухгалтерия
+7(727) 290-27-62
Версия для
слабовидящих
29
март
2024

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

📄 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 апрельде басталып, 2024 жылдың 31 августына дейін жалғасады.

💻 Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған»,- деп атап өтті орта білім Комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.

📌 Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

📎 Портал арқылы өтініш тапсыру үшін:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

🗂️ Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.