Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал ұрпақ клубының жылдық жоспары/ План клуба Адал Ұрпақ
03
қыркүйек
2024

Адал ұрпақ клубының жылдық жоспары/ План клуба Адал Ұрпақ

«Бекітемін»
                                                                                                                     №32  ЖББМ     директоры                                                                                                                                                                                                  Ибраимханова М.К..
                                                                                                                              ----------------------
                                          № 32 жалпы білім беретін мектепте
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары
2024 -2025 оқу жылы
Іс-шараның атауыҰсынымдарМақсатты топМерзімдері
12345
I-бөлім. Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары
1 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін   ұйымдастыру «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын, әдетте, жалпы білім беру мектеп басшылығының, сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің қолдауымен негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар қалаптастырады 5-11
сыныптар оқушылары
Қыркүйек
2Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспарын; сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлердің тәрбие жұмыс жоспарларын;
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту
Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындау мерзімдері болуы тиіс 1-11 сыныптар оқушыларыҚыркүйек
4 Сынып сағаттарының өткізу  кезінде тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосуАр-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет1-4 сыныптар оқушыларыЖыл бойы 
Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті - құқықтық сананы қалыптастыру5-8 сыныптар оқушылары
Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болуы тиіс.9-11 сыныптар оқушылары
5
 
Ата-аналар жиналысын өткізу Жиналыс барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсету. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша практикалық ұсыныстар беру.1-11
сыныптар оқушылары
Қыркүйек
II-бөлім. Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру 
6 «Қоғамдық тәртіп негіздері» дисскусия Практикумды жүзеге асырудың негізгі нысаны пікірталас болады, оның барысында оқушыларға өз пікірін айту ұсынылады. 
Қатысушыларды 2 топқа бөлу ұсынылады.
1 тапсырма
 «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу. 
Неге «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады?
2 тапсырма
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірін негіздеу. Әр адам не істей алады? Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?
8-9
сыныптар оқушылары
Қыркүйек 
7 «Қазақстан - құқықтық мемлекет» айлығыЕліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» онлайн сюжеттік-рөлдік ойыны1-4 сыныптар оқушыларыҚазан 
 «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілері туралы  видео сабақ өту 5-8 сыныптар оқушылары
«Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» онлайн  конференция  
Конференция барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ     біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін талқылау ұсынылады
9-11 сыныптар оқушылары
8 «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы  сурет байқауыБайқаудың негізгі идеясы -Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау өзекті. Бұл - баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштік, адалдық. 1-4 сыныптар оқушыларықараша
9 «Мемлекеттік қызметті пайдалану» іскерлік  виртуалды ойыны Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету. Бұл жағдайда негізгі идея мемлекеттік аппарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық спектрін жоғары деңгейде толық және уақытылы көрсетілуін күтуге құқылы салық төлеушiлер арқылы қамтылады деген түсінік болуы тиіс.
ЕГОV .KZ   мемлекеттік  қызметін     пайданалу 
5-8 сыныптар оқушыларыЖелтоқсан 
10 «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы»  презентациялар   байқауы Бір ай ішінде оқушылар өткен жылғы аймақтық баспасөз мониторингін өткізу керек. Мониторинг нәтижелері бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасына   презентация жасау9-11 сыныптар оқушыларыҚаңтар -ақпан
11 «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауыӨскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату5-8 сыныптар оқушыларынаурыз
12 «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауыБайқаудың басты мақсаты – ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету 9-11 сыныптар оқушыларысәуір






                    Директордың тәрбие ісі жөн. орынбасары                                Бейщанова К.А.