Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Темір жол - аса қауіпті аймақ" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы/Профилактическая разъяснительная работа
09
сәуір
2026

"Темір жол - аса қауіпті аймақ" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы/Профилактическая разъяснительная работа

09 сәуір күні №32 жалпы білім беретін мектебінің акт залында 7-8 сынып оқушылары арасында "Темір жол - аса қауіпті аймақ" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысы өткізілді. Іс-шараға Алматыдан келген бірқатар өкілдер қатысты: Алматы жол дистанциясы ПЧИ-46 маманы Қыдырбаева Г.К., Алматы 1ст.КПБ ПАВ инспекторы, полиция майоры А. Акмолдаева, ДС Алматы-1 өкілі Нурмухаметов З.М., сондай-ақ "ӘТЖҚ" АЖӘ е ОТ  қызметкерлері Искаков А., Молбай Н. және Калмухамедов Ә.

Іс-шара барысында темір жол көлігінің ерекшеліктері, оның жоғары қауіптілігі туралы ақпарат берілді. Темір жол маңындағы және үстіндегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ темір жол апаттарының себептері мен салдары туралы түсіндірілді. Оқушыларға темір жол бойында жүрудің, рельстерге немесе вагондарға шығудың, электр желілеріне жақындаудың өміріне қатер төндіретіні ерекше атап өтілді.

Іс-шараға қатысқан әрбір өкіл өз құзыреті шеңберінде темір жол қауіпсіздігінің маңыздылығын, оның бұзылуының салдары туралы айтып, оқушыларды сақ болуға, ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Қорытынды:

Жалпы саны 238 оқушы қатысқан бұл профилактикалық іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында темір жол қауіпсіздігі мәселесіне деген жауапкершілікті арттыру, темір жол бойында орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу, өмір мен денсаулықты сақтау болып табылады. Жүргізілген түсіндірме жұмысы оқушылардың темір жол - аса қауіпті аймақ екендігі туралы білімдерін тереңдетуге септігін тигізді.

   09 апреля в актовом зале общеобразовательной школы №32 была проведена профилактическая разъяснительная работа среди учащихся 7-8 классов на тему "Железная дорога - особо опасная зона". В мероприятии приняли участие представители из Алматы: специалист ПЧИ -46 Алматинской дистанции пути Кыдырбаева Г. К., Алматы 1ст. Инспектор ПАВ КПБ, майор полиции Акмолдаева А., представитель ПН Алматы - 1 Нурмухаметов З. М., а также сотрудники от МУП "ВТО" Искаков А., Молбай Н.и Калмухамедов А.

В ходе мероприятия была представлена информация об особенностях железнодорожного транспорта, его высокой опасности. Были разъяснены правила безопасности вблизи и над железной дорогой, а также причины и последствия железнодорожных аварий. Особо было отмечено, что школьникам угрожает жизнь при движении по железной дороге, подъезде к рельсам или вагонам, приближении к электрическим сетям.

Каждый присутствовавший на мероприятии представитель в рамках своей компетенции рассказал о важности безопасности железных дорог, последствиях ее нарушений, призвал учащихся быть осторожными, строго соблюдать правила.

Заключение:

Целью данного профилактического мероприятия, в котором приняли участие 238 учащихся, является повышение ответственности среди подростков за вопросы безопасности на дорогах, предупреждение несчастных случаев на дорогах, сохранение жизни и здоровья. Проведенная разъяснительная работа способствовала углублению знаний учащихся о том, что железная дорога - это особо опасная зона.