05
ақпан
2026
Қалалық семинар/Городской семинар
«Өлеңмен өрілген өмір. Мұқағали әлемі»
2026 жылдың 5 ақпанында
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №32 жалпы білім беретін мектебінде «Өлеңмен өрілген өмір. Мұқағали әлемі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Аталған тағылымды жиын ұлт руханиятының алып тұлғасы, поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға, жас ұрпақтың бойына қазақ патриотизмін сіңіруге бағытталды.
Семинардың негізгі мақсаты -
Мұқағали Мақатаевтың өз Отанының нағыз патриоты ретіндегі тұлғалық болмысын таныту, ақын шығармаларының терең мағынасы мен көркемдік қуатын ашу, өскелең ұрпақты поэзия арқылы сұлулыққа, адамгершілікке, рухани байлыққа баулу болды. Сонымен қатар білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, музыкалық шығармаларды тыңдау мәдениетін қалыптастыру көзделді.
Қалалық семинар жоғары деңгейде өтті. Қонақтар мен қатысушыларды №32 мектеп ұжымы ерекше ілтипатпен қарсы алып, семинардың мазмұны мен құрылымына сай бағыт-бағдар берілді.
Семинар аясында ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстар галереясы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Мұқағали шығармаларына арналған суреттері, қолөнер туындылары мен әдеби жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір жұмыс ақын поэзиясындағы терең ой мен сырлы сезімді бейнелей білді.
Семинардың ашылу салтанатын
№32 ЖББМ КММ директоры Ибраимханова Меруерт Курманжановна ашты. Өз сөзінде мектеп басшысы қатысушыларды тағылымды жиынмен құттықтап, қалалық семинардың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Директор өз баяндамасында Мұқағали Мақатаевтың қазақ руханиятындағы орны айрықша екенін атап өтіп, ақын поэзиясының жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, ел мен жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудегі рөліне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, әдеби мұраны заманауи форматта оқытудың өзектілігін айқындап өтті.
Меруерт Курманжановна №32 жалпы білім беретін мектеп ұжымы үшін бұл семинар тәжірибе алмасуға, шығармашылық ізденісті дамытуға берілген үлкен мүмкіндік екенін атап айтып, арнайы келген қонақтарға, әріптестерге және ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға шынайы алғысын білдірді. Мұқағали поэзиясы – ұлттың рухани қазынасы, ал оны ұрпақ санасына сіңіру әрбір педагогтың абыройлы міндеті екенін жеткізумен қорытындылады.
Мектеп директорының ТІЖО Бейшанова Калия Адильбековна семинардың маңыздылығына тоқталып, ақын шығармашылығын білім беру үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын атап өтті.
Бағдарламаның келесі бөлімінде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Видео шолу» және «М.Мақатаев цифрлық дәуірде» тақырыбындағы панорамалық сабақ және дөнгелек үстел өткізілді. Сабақ барысында заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы ақын шығармаларын оқыту тәсілдері көрсетіліп, тәжірибелік маңызы жоғары әдістер ұсынылды.
Семинардың мазмұнды кезеңдерінің бірі – «Қазақ поэзиясының дарабозы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл» тақырыбындағы дөңгелек үстел болды.
Семинар аясында өткен Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Өлеңмен өрілген өмір» көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндері шырқалып, Мұқағали әлемінің сырлы да мұңлы, өр де асқақ рухы сахна төрінде көрініс тапты.
Қатысушылар семинардың мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, тәжірибелік тұрғыдан құнды ұсыныстарымен бөлісті.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №32 жалпы білім беретін мектебінде өткен «Өлеңмен өрілген өмір. Мұқағали әлемі» атты қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны бай, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде есте қалды. Семинар ұлт поэзиясының ұлы тұлғасын ұлықтаумен қатар, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, оқушылардың рухани дамуына зор үлес қосты.
Қалалық семинардың жоғары деңгейде өтуіне бірқатар тәжірибелі педагогтер мен мектеп әкімшілігі белсене атсалысты. Атап айтқанда, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейшанова Калия Адилбековна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумабаева Багила Сериковна семинарды ұйымдастыруда жетекшілік етті.
Сондай-ақ мазмұнды сабақтар мен іс-шараларды өткізуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жумадилова Жадыра Тусупбековна, Исенбаева Толганай Женискызы, Кожахметова Гулшат Мадигулжановна, Тогузова Айжан Нышанбайкызы, Умарова Бибигуль Медихановна, Болатбекова Рита Бериковна өз тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел мен пікір алмасу барысында Берекутова Жамиля Жаксылыковна, Мадиева Айнур Сабыровна, Киргизбаева Гаухар Калибековна , Момбекова Жанар Сарсенбаевна, Тлеукабылова Жибек Толеуовна, Тлеукабылова Саида Толеуовна, Шайкенова Гульдария Тугельбаевна белсенділік танытты.
Әдеби-сазды кештің көркем әрі әсерлі өтуіне музыка пәні мұғалімдері Абдрахман Даулет Әлиулы, Ботбаева Жанар Крыкбаевна атсалысты. Рефлексия бөлімін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ордабаева Елена Кудайбергеновна, Курмашева Венера Наурызовна, Адилбекова Шынар Нарынбековна, мектеп психологі Нугманова Динара Батырхановна, әлеуметтік педагог Турдалиева Айман Бекнуровна, ағылшын тілі пәні мұғалімі Куватов Мурат Канатович қорытындылады.
Қорыта айтқанда, «Өлеңмен өрілген өмір. Мұқағали әлемі» атты қалалық семинар ұлт поэзиясының асқар шыңына айналған ақын мұрасын ұлықтаған тағылымды басқосу болды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы арқылы оқушылардың жүрегіне елге деген сүйіспеншілік, адамға деген мейірім, сөзге деген құрмет ұялады.
Семинар барысында ұсынылған әрбір іс-шара, әрбір ойлы пікір ақын жырының мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Себебі Мұқағали жыры – уақытпен өлшенбейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани қазына.
Ақынның өзі айтқандай:
«Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім…»
Осы бір сырлы жолдардай, Мұқағали поэзиясы да әр жүрекпен егіз, әр ұрпақпен үндесіп келеді.
№32 жалпы білім беретін мектепте өткен бұл қалалық семинар ақын әлеміне деген құрметтің, ұлттық рухты дәріптеудің жарқын көрінісі болды.
Ақерке Амангелдіқызы
Алматы қаласы
BILIM AINASY
"Жизнь, переплетенная стихами. Мир Мукагали»
5 февраля 2026 г.
В общеобразовательной школе №32 Турксибского района г. Алматы «Жизнь, переплетенная стихами. Мир Мукагали". Данное мероприятие было направлено на популяризацию творческого наследия великого деятеля духовности нации, короля поэзии Мукагали Макатаева, привитие казахского патриотизма подрастающему поколению.
Основная цель семинара - Мукагали Макатаев был олицетворением личности как истинного патриота своей Родины, раскрытием глубокого смысла и художественной энергии произведений поэта, приобщением подрастающего поколения к красоте, нравственности, духовному богатству через поэзию. Также предусматривалось активизация познавательной деятельности обучающихся, формирование культуры прослушивания музыкальных произведений.
Городской семинар прошел на высоком уровне. Гости и участники были встречены коллективом школы №32 с особым вниманием в соответствии с содержанием и структурой семинара.