Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу құштар мектеп –табысты мектеп /Читающая школа
30
қыркүйек
2025

«Оқу құштар мектеп –табысты мектеп /Читающая школа

Ата-аналардың жиналысы.

«Оқу құштар мектеп –табысты мектеп 

I. ЖОСПАР

Тақырыбы: Ата-аналар мен балалардың бірлескен әдеби-мәдени кітаптардың оқуы.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру – Ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуын күшейту.Балалардың рухани-адамгершілік, эстетикалық талғамын дамыту.

Міндеттері: Балалардың мектептен тыс көркем әдебиеттерді оқу дағдысын қалыптастыру.Отбасындағы оқу мәдениетін нығайту.Оқыған туындыларын талдап,пікір айтуға үйрету.

Қатысушылар: 2 «Ж» сынып оқушылары мен ата-аналары.

Іс-шара түрлері:

  1. Кітап көрмесіне бару;
  2. Балаларымен үйде кітап оқуды іске асыру;
  3. Оқылған кітаптар мен көрген қойылымдар бойынша пікір алмасу сағаттары.

Жүзеге асыру мерзімі: 2025–2026 оқу жылы

Жауаптылар: Сынып жетекшісі, ата-аналар 

Күтілетін нәтиже: 

– Оқушылардың оқу сауаттылығы мен мәдени деңгейі артады; 

– Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нығаяды;

 – Балалар өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

II. ЕСЕП

Тақырыбы: Ата-аналардың балалармен бірге әдеби ,көркем кітаптарды оқуы туралы есеп

Есеп беру кезеңі: 2025-2026 оқу жылы

Сынып: 2 «Ж» сынып

Сынып жетекшісі: Оспанбекова Шолпан Галеновна

1. Жалпы мәлімет

    Оқу жылы барысында ата-аналар мен бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен бірнеше әдеби-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалардың рухани дамуын қолдау және отбасылық тәрбиені күшейту болды.

2. Өткізілген іс-шаралар: Балаларымен ата-ана мектептен тыс жерлерде әдеби, көркем кітаптар оқу.Сонымен қатар,оқып қана қоймай оны талқылап, тәрбиелік мәніне мән беру.

Осы орайда 2 «Ж» сынып оқушысы Қуандық Ханшайым өз отбасымен бірге «Ертегілер әлеміне саяхат» кітабын оқып, өз пікірлерің білдірді.Тәубе Нұрали әртүрлі фантастикалық әңгімелерді оқып,өз пікірімен бөлісті.Оқушыларға айтып беріп,қызығушылығымен бөлісті.

3. Нәтижесі:

– Балалар үйде, кітапханада оқыған кітаптары  бойынша өз ойларын еркін жеткізе бастады; 

– Ата-аналар, мектеп, бала  өміріне белсенді қатыса түсті; Үштік одақ жұмысы нәтижелі екенін білдіреді.

– Отбасындағы бірлескен кітап оқу  дәстүрі қалыптасты.

4. Қорытынды:

Ата-аналар мен балалардың бірлескен әдеби іс-шараларға қатысуы оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жоспарлануда.

Сынып жетекшісі:Оспанбекова Шолпан Галеновна