Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2025

Күз ханшайымы” сайысы /Мисс Осень

Мектебімізде 9-10 сынып оқушылары арасында өткен “Күз ханшайымы” сайысы барлық қатысушылар мен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Бұл тек сайыс қана емес, өнер мен таланттың, шығармашылықтың жарқын көрінісі болды. Әр сыныптың мұқият дайындығы, оқушылардың белсенділігі, ұйымдастырушылардың ерен еңбегі сайыстың сәтті өтуіне зор үлес қосты.

Бұл тамаша іс-шараны ұйымдастыруда сынып жетекшілердің  ерен еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. 

Жүлдегерлер мен олардың  сынып жетекшілері:

Бас жүлде (Гран-при): 9 Ә сыныбынан Дәулеткелді Еркеназ. Сынып жетекшісі: Айгүл Есенгелдиновна.

1-орын: 10 А, 9 А сыныптары. Сынып жетекшілері: Ақмарал Арапбаевна, Жәдіра Түсіпбаевна, Айжан Нышанбайқызы.

2-орын: 10Ғ сыныбы. Сынып жетекшісі: Динара Жұмановна.

Әділ-қазылар алқасы сайыстың әр кезеңін мұқият бағалап, критерийлерге сай балл қойды.

Сайыстың қызықты кезеңдері:

“Өзін-өзі таныстыру”: Әр қатысушы өзінің ерекшеліктерін, талантын аша отырып, көрермендерді өзіне баурап алды. Бұл кезеңде олардың шешендігі мен сенімділігі сыналды.

“Өз өнері”: Ханшайымдар әсем әндерін шырқап, үнді .испан .шығыс билерімен көрермендерді тәнті етті. Бұл кезеңде олардың музыкалық таланты мен мәдениеті айқын көрінді.

“Әсем біздің арулар” (сән үлгісін көрсету): Бұл кезең ерекше қызықты өтті. Қатысушылар газет, салфетка, пластик стақан, гүл күлтелері сияқты қарапайым материалдардан тігілген сәнді көйлектермен подиумға шығып, өздерінің шығармашылықтарын паш етті. Бұл кезеңде олардың қиялдары мен шеберліктері таң қалдырды.

“Күз сыйы”: Оқушылар дайындаған дәмді де әсем салаттар көрермендердің көзі мен жүрегін бірдей баурады. Бұл кезеңде олардың ас дайындау шеберлігі мен эстетикалық талғамы бағаланды.

“Күз ханшайымы” сайысы – бұл жас ұрпақтың бойындағы өнерге деген құштарлықты, шығармашылыққа деген ынтаны арттыратын, олардың дамуына үлес қосатын маңызды іс-шара. Бұл сайыс мектебіміздің мерейін асырап, есте қаларлық жақсы дәстүрге айналатыны сөзсіз. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымыз шексіз!

Конкурс “Мисс осень”, который прошел в нашей школе среди учащихся 9-10 классов, покорил сердца всех участников и зрителей. Это был не только конкурс, но и яркое проявление искусства и таланта, творчества. Тщательная подготовка каждого класса, активность учащихся, самоотверженный труд организаторов внесли большой вклад в успех конкурса.

Особо стоит отметить  труд классных руководителей в организации этого замечательного мероприятия. 

Призеры и их классные руководители:

Главный приз (Гран-при): Даулеткельды Ереназ из 9 Б класса. Классный руководитель: Айгуль Есенгельдиновна.

1 место: 10 а, 9 а классы. Классные руководители: Акмарал Арапбаевна, Жадира Тусупбаевна, Айжан Нышанбаевна.

2 место: класс 10г. Классный руководитель: Динара Жумановна.

Жюри тщательно оценило каждый этап конкурса и поставило баллы, соответствующие критериям.

Интересные этапы конкурса:

"Самопрезентация": каждый участник увлекал публику, раскрывая свои особенности, таланты. На этом этапе их красноречие и надежность были проверены.

"Свое искусство": принцессы поют свои красивые песни, индийские .испанский .восточными танцами восхищали зрителей. В этот период ярко проявились их музыкальный талант и культура.

"Красивые наши красавицы" (показ мод): этот этап прошел особенно интересно. Участники вышли на подиум в модных платьях, сшитых из простых материалов, таких как газеты, салфетки, пластиковые стаканчики, цветочные пепельницы, и продемонстрировали свое творчество. В этот период их воображение и мастерство были ошеломляющими.

” Подарок осени": вкусные и красочные салаты, приготовленные школьниками, одинаково покорили глаза и сердца зрителей. На этом этапе ценились их кулинарные навыки и эстетический вкус.

Конкурс "Мисс  осень" -это важное мероприятие, которое воспитывает у молодого поколения страсть к искусству, стремление к творчеству, способствует их развитию. Этот конкурс, несомненно, станет незабываемой доброй традицией. Спасибо всем организаторам и участникам!