Сайыс "Жігіт сұлтаны"/ Конкурс "Жігіт сұлтаны » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қаңтар
2024

Сайыс "Жігіт сұлтаны"/ Конкурс "Жігіт сұлтаны

Жігіт сұлтаны – 2024» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқаудың мәні мен мағынасын оқушыларға түсіндіре келіп, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бейщанова К.А. байқауды ашық деп жариялады. Жігіт сұлтаны байқауына алдын- ала іріктелген төрт  жігіт қатысты.
Байқаудың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы, бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.1) Әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. 2) Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Жігіт сұлтанының байқауы 5 кезезеңнен тұрды:1. «Тегімді менің сұрасаң…» 2. «Талапты ерге нұр жауар» » 3. «Күш атасын танымас». 4. «Еңселі ер-ел қорғаны, ..». 5. « Шешен жигіт сөз бастар « Жігіт сұлтаны байқауының бірінші кезеңінде сынға түскен үміткерлер өздерін жыр шумақтарымен таныстырып өтті. Екінші  кезеңінде жігіттер өнердің әр саласынан өз қабілеттерін байқатты. Олардың бірі домбыра қобыз тартса ,екіншілері мәнерлеп тақпақ оқыды. Үшінші  кезеңде жарысқа қатысушылар әр түрлі логикалық сұрақтарға жауап берді . Ал енді «Күш атасын танымас» атты бесінші кезеңінде оқушылар қол күрестіруден, көлденең жатып еденнен серпілуден, гір көтеруден өз күштерін байқатты. Жарыс соңында құрамында болған әділқазылар алқасы үміткерлердің өнерлерін сарапқа салып, әділетті шешім шығарды. Жігіт сұлтанында қойылған барлық талаптарға сай Қобландиев Батырхан бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға Бахтыбай Мақсат  ие болды. Бекнұр Бекжан  екінші орынға иеленді. Үшінші орынды
 Монкебаев Абылайхан иеленді. Жарыс соңында мектебіміздің ДТІЖО  Калия Адильбековна  жарыс жеңімпаздарын құттықтап, оларға толағай табыс тіледі. Жарысқа қатысқан жеңімпаздардың барлығы да арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл іс-шара жасөспірімдер жүрегінде патриоттық сезімде жаңа деңгейге көтергені сөзсіз. 
Был организован конкурс» Жігіт сұлтаны – 2024". Объяснив школьникам суть и смысл этого конкурса, заместитель директора по воспитательной работе Бейщанова К. А. объявила конкурс открытым. В конкурсе "Жігіт сұлтаны" приняли участие четыре предварительно отобранных парня.
Цель конкурса: воспитание у ребят героизма, красноречия, смекалки, 1) мышление, умение выходить из разных ситуаций, проявлять искусство, изобретательность, формировать сценическую культуру, развивать способности каждого ребенка. 2) воспитание поколения, способного привить качества настоящего казахского парня, уважающего образ отца, любящего свою страну.
Конкурс  "Жігіт сұлтаны" состоял из 5 этапов :1. «Моя родословная.» 2. «Искусство» » 3-4 «Сила». 5. " Логические вопросы». 4 кандидата, выступавшие на этом конкурсе с успехом выступили .По итогам конкурса 1 место занял Кобландиев Батырхан.