Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында \МВД – детям: не надо молчать о насилии! » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында МВД – детям: не надо молчать о насилии!
02
қараша
2023

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында \МВД – детям: не надо молчать о насилии!

Балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі Ішкі істер министрлігінің басты назарында, – деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді. – Бас прокуратураның басшылығымен барлық елордалық мектептерді тексеру басталды. Әр түрлі ведомстволардың 70-тен астам қызметкері жұмылдырылды. 98 мемлекеттік мектеп, 56 жеке меншік, 3 Назарбаев зияткерлік мектебі, 4 республикалық, 3 түзету және 5 BINOM мектептері тексеріледі. Ол қараша айының соңына дейін аяқталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. Сонымен қатар 26 қазаннан 2 қарашаға дейін еліміздің барлық аумағында балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара басталғалы бері: – 239 ұсақ бұзақылық; – оқушылардың алкогольдік мас күйде болуының 64 фактісі; – мектептер маңында 3,5 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу анықталды. Жалпы елде өткен аптада балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 800-ден астам жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның нәтижесі бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана (ӘҚБтК-нің 442-бабы) және мекемелердің 27 иесі (ӘҚБтК -нің 132-бабы) жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды. 55 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айппұл төледі. Түнгі уақытта көшеде ұсталған 92 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда 96 материал қаралды. 16 ата-ана құқықтарынан айырылды және шектелді. 7 жасөспірім девиант мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберілді. – Егер сіз кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз бала болсаңыз және өзіңізге қатысты зорлық-зомбылық орын алса – үндемей қалмаңыз! Сіз полицияға 102 немесе 111 нөмірлері бойынша хабарласуыңыз керек. Көрсетілген телефондар арқылы сіз тәулік бойы ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз. Біз отбасы мен балалардың қорғаушысы болуымыз керек. Есіңізде болсын, бөтен бала болмайды, егер сіз бүгін бейтаныс балаға көмектесіп, қорғасаңыз, ертең сіздің де балаңызға біреу көмектеседі, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/kameletke-tolmaghandardyng-quqyghyn-qorghau-iim-ning-erekshe-baqylauynda/

Вопрос обеспечения защиты прав несовершеннолетних находится на особом контроле МВД, передает Polisia.kz. По данным ведомства, утвержден специальный план мероприятий по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних на 2023-2024 годы. В нем предусмотрены мероприятия по выявлению, пресечению и профилактике преступлений, совершаемых в подростковой среде. С начала учебного года за каждой школой и колледжем закреплены сотрудники полиции из числа участковых инспекторов полиции, ювенальной и криминальной полиции. Ими установлено более 300 неформальных лидеров среди подростков, склонных к совершению антиобщественных действий. Они взяты на особый контроль органов внутренних дел. В целях повышения правовой грамотности несовершеннолетних начальниками территориальных департаментов полиции на системной основе проводятся занятия с учащимися школ и колледжей на правовую тематику. Подросткам разъясняется о предусмотренной административной и уголовной ответственности за совершение антиобщественных действий. – Кроме этого, в целях соблюдения в школах требований по обеспечению безопасности под руководством Генеральной прокуратуры начаты обследования всех столичных школ. Задействовано более 70 сотрудников различных ведомств, в их числе прокуратура, полиция, образование, соцзащита, СЭС, УЧС, фармконтроль и архитектура. Будут проверены: 98 государственных школ, 56 – частных, 3 – НИШ, 4 – республиканских, 3 – коррекционных и 5 – BINOM. Проверка будет завершена до конца ноября, – сообщил председатель КАП МВД РК Кайсар Султанбаев. В целях оздоровления криминогенной ситуации с 26 октября по 2 ноября на всей территории страны проводится оперативно-профилактическое мероприятие. Цель – недопущение правонарушений среди детей. С начала ОПМ выявлено: –   239 мелких хулиганств; –   64 случая нахождения подростков в алкогольном опьянении; –   более 3,5 тысяч нарушений ПДД близ школ. В целом на территории страны только за истекшую неделю проведено более 800 локальных рейдовых мероприятий по профилактике правонарушений в детской среде. За нахождение детей в ночное время в развлекательных заведениях и вне жилища к ответственности привлечено 2,5 тысяч родителей (статья 442 КоАП) и 27 собственников заведений (статья 132 КоАП). 302 родителя понесли ответственность за неисполнение обязанностей по воспитанию детей, 57 – за распитие несовершеннолетними алкоголя. 55 подростков привлечены к ответственности за совершение мелких хулиганств. В центры адаптации несовершеннолетних помещено 92 подростка, задержанных на улицах в ночное время. На комиссиях по делам несовершеннолетних рассмотрено 96 материалов. Лишены либо ограничены в родительских правах 16 родителей. В спецшколы для детей с девиантным поведением направлено 7 подростков. – Если вам стало известно о фактах правонарушений в отношении несовершеннолетних, либо вы ребенок и сами стали жертвой насилия – об этом не стоит молчать! Необходимо сообщить в полицию по номеру 102 либо по телефону доверия номер 111. По указанным телефонам круглосуточно осуществляется информационная, консультативная, психологическая помощь и поддержка. Каждый из нас должен стать защитником семьи и детей. Запомните, чужих детей не бывает, и если вы сегодня помогли и защитили незнакомого ребенка, завтра кто-то поможет вашему, – обратился к казахстанцам председатель КАП МВД.

Копирование возможно только при наличии активной ссылки на сайт Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/mvd-detyam-ne-nado-molchat-o-nasilii/

https://youtu.be/ak4JMtSo9HY?si=K-dhTb-GV-bbqfwr 
https://polisia.kz/ru/mvd-detyam-ne-nado-molchat-o-nasilii/ 
https://youtu.be/6XiZZekxivU?si=IMALs6odnxbacSvB
https://polisia.kz/kameletke-tolmaghandardyng-quqyghyn-qorghau-iim-ning-erekshe-baqylauynda/