1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты/Классные часы посвященные Дню благодарности » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты/Классные часы посвященные Дню благодарности
01
наурыз
2022

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты/Классные часы посвященные Дню благодарности

1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.\

  14 января 2016 года Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев подписал указ № 173, объявив 1 марта Днем благодарности в стране,днем образования Ассамблеи народа Казахстана. День благодарности-день, когда все граждане нашей страны, преодолевшие непростые времена вместе и за короткий срок под руководством Елбасы, самоотверженно трудились на пути к созданию независимого Казахстана, отдают друг другу дань уважения. Президент сказал О Дне благодарности: "было бы справедливо отметить 1 марта, День основания Ассамблеи народа Казахстана, как День благодарности казахам, которые каждый год проявляли милосердие ко всем этносам и принимали этих людей такими, какие они есть. Это день  сближает нас больше, чем когда-либо. Этот день мог бы стать ярким праздником добра, дружбы и любви всех казахстанцев друг к другу».