Ашық есік күні ДШӘ/День открытых дверей в ДШВ
Десанттық-шабуылдау әскерлерін материалдық қамтамасыз ету полкінде Ашық есік күні өтті. Әскери бөлімге Алматы қаласының үш мектебінен және Іле ауданының 24-ші лицейінен 50-ден астам бала барды. Бөлім бойынша Экскурсия өскелең ұрпаққа ерлік сабағын өткізген акт залына барудан басталды. Десантшылар оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен ерлігі туралы айтып берді, оның жүз жылдығы ағымдағы жылдың 25 мамырында атап өтіледі.