Коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керек?./Как избежать заражения коронавирусом? » КГУ «Общеобразовательная школа №32 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№32 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 290-28-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-27-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керек?./Как избежать заражения коронавирусом?
02
сәуір
2020

Коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керек?./Как избежать заражения коронавирусом?

Коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керек?

Коронавирус инфекциясының белгілері қандай? Вирус қалай тарайды? Қалай сақтану керек? Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы мамандарының мәліметін ұсынамыз.

  • дене қызуының көтерілуі;
  • тұмау;
  • бас ауруы; 
  • жөтел;
  • тамақ ауруы;
  • әлсіздік;
  • іш өту.

* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

  • қан анализін;
  • несеп анализін;
  • лаборатория зерттеулерін;
  • ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;
  • тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактика шаралары:

– қол және тынысалу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы сабынмен мұқият жуу, сабын болмаса, антисептиктерді, спиртті, санитайзерлерді қолдану;

– иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

– бөлмені желдету;

– жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

– тынысалу органдарының шырышты қабығы қабынған адамдармен қарым-қатынас жасамау;

 коронавирус тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

– адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу.



Как избежать заражения коронавирусом?
Каковы симптомы коронавирусной инфекции? Как распространяется Вирус? Как быть осторожным? Представляем данные специалистов Управления общественного здравоохранения Алматы.

 Симптомы коронавируса:
лихорадка;
грипп;
головная боль;